Астанада жалақы төлемеу жағдайларын болдырмау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды

Жұмысшыларға жалақы төлеуге қатысты бірқатар проблемалы мәселені болжау және оларды шешу мақсатында Астана қаласында арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

21 маусымда Астана қаласының әкімдігінде Сергей Хорошунның төрағалығымен аталмыш топтың алғашқы отырысы өтті. Оған елорда прокуротурасының, өкілдері, жұмыс берушілер қатысты. Күн тәртібіндегі басты мәселе – еңбекақыны кешіктіріп төлеу оқиғаларын және қарыздардың қалыптасуын болдырмау.

Айта кетейік, қала прокуротурасының талабы бойынша еңбек инспекторлары (қалалық орта сапасы және басқармасы) тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш шаралардың қорытындысы бойынша 5 компанияда («World Monitoring» ЖШС, «Alumko Aden Metal FZCO» компаниясының филиалы, «NUR Kutkarushy» ЖШС, Elvit KZ» ЖШС, «Никастройсервис» ЖШС) жалақыны төлемеу және оны кешіктіріп төлеу оқиғалары анықталды.

Астана қаласы прокуротурасының қадағалау актісі бойынша жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың заңды тұлғалары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 87 бабына (жалақы төлеу талаптарын бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға, жалпылай алғанда, 400 АЕК – 962 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Инспекторлар еңбек заңнамасын бұзудың әр оқиғасы бойынша ұйғарымдар шығарды.

Кездесу аясында «Алтын 2008» ЖШС мен Alumko Aden Metal FZCO» компаниясының филиалы өкілдері өз жұмыскерлері алдындағы қарызды өтеу жөнінде есеп берді.

Қадағалау органы жұмыс берушілерге жалақыны төлемеу және оны кешіктіріп төлеу қылмыстық жауапкершілікті қарастыранын түсіндіруде.

Осы орайда еңбек заңнамасын сақталуын қамтамамыз ету қажеттігін ескертеміз.