Астанада және елдің 4 облысында ескерту жарияланды

Ақмола облысында қар жауып, қарлы бұрқасын болады, түнде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей кездері желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Астана қаласында қарлы бұрқасын болады, күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
29 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауып, қарлы бұрқасын болады, батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, желдің екпіні 25 м/с-ты құрайды.