"2011 жылға дейін қаланың әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етіп, қаланың қалыптасқан бөлігіне қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде аймақтық бағдарлама қабылданып жүзеге асырылуда. Ол бойынша 593 мың шаршы метр ескі үйлер бұзылып, орнына 3 млн 160 мың шаршы метр жаңа баспана тұрғызылады. ", -деп еске салды А. Мамин.
"Бұзылатын үйлердің иелері сол ауданда тең бағалы баспана алуға мүмкіндігі болады, ал әлеуметтік қорғалу санатына жататын азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін инвесторлар 478,7 мың шаршы метр үйді коммуналдық жеке меншікке беру жөнінде міндеттеме алып отыр. Сонымен қатар жеке дара үй құрылыстары мен кварталішілік аумақтардың тығыздалуына жол берілмейді ", - деді ол.
Қала әкімі айтқанындай, 2030 жылға дейінгі Астана қаласын дамытудың бас жоспарына енгізілген тұжырымдық өзгертулеріне халықаралық сараптау жасалды. "Қазіргі уақытта жобалау мен құрылыс кезінде әлемдік талаптарды қамтамасыз ету мақсатында қала құрылысының нормалары қайта қаралып, "Астананың мәртебесі жөніндегі" заңға сәйкес бас жоспарды өзгертудің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр", -деді ол.