Астанада жаңа ірі бассейн ашылады

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұзындығы 50 метрді құрайтын 10 жолағы бар бассейннің ені – 25 метр. Мұнда себезгі кабиналары, шешінетін кең бөлме бар. Бассейндегі су 8 деңгейлі тазартудан өтеді. Бассейн түбін роботтар тазартады.

Ол күн сайын сағат 7:00-ден 23:00-ге жұмыс істейтін болады.


Медициналық тексеріс жөніндегі анықтама мен бассейнде жүзуге арналған бас киім міндетті түрде қажет.