"Жаңа білім ордасы Есілдің сол жағалауында, Сығанақ көшесінің оңтүстігінде орналасқан", - деп хабарлады Астананың білім беру департаментіндегілер.
Мектепте сабақ қазақ және орыс тілдерінде бір ауысымда жүргізіледі.
Жаңа білім шаңырағы заманауи құралдармен жабдықталған. "760 орынға арналған акт залы, 300 орындық асхана, спорт зал, кітапхана, мектепге дейінгі дайындық кабинеті, демалыс аймағы бар", - деп толықтырды департаментте.
Мектеп стадионында футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, жүгіру жолдары орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті