Астанада жаңбыр суын сору жұмыстары күшейтілген режімде жүргізілуде

Төрт күннің ішінде (16-19 мамыр аралығында) 34 мың текше метрден астам жаңбыр суы сорылды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Елордада толассыз жаңбыр бірнеше күннен бері жауып жатыр. Жауын-шашынның айлық мөлшерден тыс жаууы салдарынан қаланың бірнеше ауданын су басты.

«Астана Тазалық» ЖШС хабарлауынша, 19 мамырда коммуналдық қызметтердің күшімен 10 мың мжаңбыр суы сорылды. Атап айтқанда, «Алматы» ауданында - 4813 м
3
, «Есіл» ауданында - 1816 м3 және «Сарыарқа» ауданында - 3207 мсу сорылды. Бүгін қала көшелерінде 100-ге жуық арнайы техника жұмыс істеуде.

Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр аптаның соңына дейін толастамайды.