Қатты соққыдан автобустың есігі ішіне қарай кіріп кетіпті. Салдарынан 22 адам жарақат алып, жетеуі дереу ауруханаға жатқызылды. Қазір апатқа кінәлі бетон араластырғыш техниканың жүргізушісі қамауға алынды. Бұл оқиғадан енді ес жиып жатқанда, Елордада №12 автобус пен жүк тиеп бара жатқан трактор соқтығысқан. Зардап шеккендер арасында балалар бар. Құдай сақтап барлығы дін-аман. Қазір қос жантүршігерлік апат бойынша тергеу жүріп жатыр.