Астанада жантүршігерлік жол апаты: Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

22 маусымда Астанадағы Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылының қиылысында болған жол апатынан мотоциклші қаза болған еді. Қаза болған мотоциклшінің 26 жастағы Искандер - Олжас Сүлейменовтің немересі екені анықталды.

Қазіргі уақытта Искандердің туыстары жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Астана қалалық ІІД жол апатының мән-жайын анықтап жатқанын және кейінірек қосымша мәлімет беретінін айтты.

"Полицейлер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қаза болған жігіттің туыстары осы оқиға жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81.