Гүлраушан Сапарбек, Астана қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері:
-Анализдердің көбісі тексеріліп жатыр. Бірнешеуінікі ғана анықталды.+ -Қазіргі жағдайлары жақсы, келгендегіден. Негізгі алып жатқан емдері этиотроптық, патогенетикалық және симптоматикалық емдер...
Астананың қақ ортасындағы «Старомодный» деген қымбат мейрамханада тамақтанған 27 адам өзін жайсыз сезініп, дәрігердің көмегіне жүгінген еді. Олардың 16-сы қазір жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Барлығына «сальмонеллез» диагнозы қойылған. Ал, Ішкі істер департаменті жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Мейрамханада сол күні дайындалған тағамдардың құрамы жіті тексерілуде. Кінә мейрамхандан болса, асқа жауапты болған қызметкері 2 жылға сотталауы мүмкін.
Loading...