Астанада Жармахан Тұяқбай парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысты

"Біз сайлауға жеңеміз деген үмітпен келдік. Біз іс жүзінде жеңетінімізге сенеміз, ал қағаз жүзінде қандай көрсеткіш болатындығы - қалай санауға байланысты",- деді Жармахан Тұяқбай дауыс бергеннен кейін.

"Егер өткенімізге көз жүгіртсек, бізде сайлаудың қалай өткізіліп келгендігіне қатысты ащы тәжірибеміз жетерлік, сондай-ақ, бұрмалаушылықтың болмайтындығына қатысты да көңілге күдік ұялайды",- деп атап өткен ол "жасандылықтар сөзсіз болады", деп қосты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті