Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 11 наурызда 7 сағат 15 минутта апат салдарын жою жұмыстары толық көлемде орындалды.
Бұдан бұрын хабарлағанындай, Астанада су құбырының жарылғандығынан 16 үй сусыз қалды.
Астанада Молодежный ықшам ауданында 10 наурызда 22 сағат 45 минутта Ташенов көшесіндегі №26 үйге қарама қарсы жатқан диаметрі 300 мм су құбыры жарылып №№ 26, 32, 33, 34, 36, 37, 39, 40, 41, 12, 46, 47, 50/1 үйлер мен Бараев көшесінде тұрған №№ 9/1, 11, 19 тұрғын үйлер сусыз қалды. Су құбыры 11 наурызда қалпына келтіріледі", - деп хабарлады баспасөз қызметі.