«Қазір ғана біздің үйдің 15 қабатынан жас жігіт секіріп кетті. Әйел күйеуін ұстап қала алмады. Төтенше жағдайлар мен жедел жәрдем ауладағы көліктердің кесірінен үй кіре берісіне жете алмады», - деп жазды Facebook пайдаланушы Маххабат Есен.
Айта кетерлігі, бұл қайғылы оқиғаға байланысты ресми ақпарат Астана қалалық ішкі істер департаментінде жоқ. Бейресми ақпаратқа қарағанда, жас жігіт Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі «Әл Фараби» тұрғын үй кешенінен секірген.