Сайыс барысында ЖОО және колледж студенттері бақ сынасады. Бұл шарада дәстүрлі түрде ең белсенді және шығармашыл студенттерді біріктіреді, олар қойылымдар әзірлеп, сахналық киімдер тігіп, декорациялар жасайды. Сайыс эстрадалық ән, фотокөрме, мүшәйра, халық билері номинациялары бойынша өтеді, жанкүйерлер жарысы ұйымдастырылады, сондай-ақ «Астананың ең үздік студенттік шығармашыл командасы» анықталады.
2014 жылы Жастар кубогын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері иеленген болатын. Екі жылдың ішінде сайыс студенттердің дамуына серпін берді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы секілді мерейтойларға орай, биыл сайыста жаңа «Үздік студенттік театр», «Үздік селфи», «Студенттің бір күні туралы үздік ролик» номинациялары белгіленеді.
Фестиваль үш жыл көлемінде өткізіліп келеді. Сол уақыт аралығында жаңа таланттар танылып, олардың көпшілігі жеке студиялар мен би ұжымдарын құрып, елордамыздың мәдени өміріне белсене ат салысуда. Жыл сайын фестивальдің арқасында жүздеген таланттар анықталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жастар жалыны-2015» бұрынғыдан да қызығырақ бола түсіп, бұрынғыдан көбірек жастарды жинап, талантты студенттердің жолын аша түседі.