Астанада жастарды тұрақты дамыту концепциясы таныстырылды

"Бізге жастар заңын нақтылау жұмысына белсене араласу қажет. Жастар саясаты туралы заңның толық жүзеге асқанын қадағалауымыз міндет,-деді Қазақстан Жастар Конгресінің төрағасы Арын Орсариев. " Жастарды мақсатты дамытуға бағытталған кешенді мемлекеттік бағдарламаның қабылданғанына қол жеткізуіміз қажет,-деді ол.

"Концепция аясында біз үкіметтің жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге байланысты арнайы бағдарлама қабылдағынан қалаймыз. Сонымен қатар, біз мемлекеттің жас отбасыларына нақты қолдау көрсетіп отыруын, заңда қарастаралғанымен орындалмай отырғандықтан, индустрия және сауда министрлігі жастар арасындағы кәсіпкерлікті қолдағанын қалаймыз",-деп жастардың талабын Д. Жумин нақтылап өтті.

Біз бұл талаптарды біз конгресс аясында талқылаймыз деп жоспарлап отырмыз. Одан кейін бұл ұсыныстарды үкіметке жіберіп, кешенді жастар бағдарламасын қабылдауды талап еткіміз келеді,-деп аяқтады сөзін ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті