Астанада жатақхана өртеніп жұрт оттыңортасынан әзер шыққан

Жұрттың үрейін ұшырған өрт мына 3 қабатты мансардтты жатақханадан шыққан. Желдің күшімен қарқын алған от әп-сәтте тез таралыпты. Тұрғындар бала-шағасын сүйреп жүргенде тіпті құжаттарын да алып үлгермеген. Кейбірі жеке куәліктерінің орнына тұрмыстық техникаларын көтеріп алып шыққан.  Алапат өрттің кесірінен 20 отбасы далада қалды. Көбі жатақхананы жалдап тұрыпты. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Алайда, күйік шалған оншақты адам шұғыл ауруханаға жеткізілген. Қазір тілсіз жаудың неден тұтанғаны  анықталып жатыр.


Бүркіт Мұқашев, Астана қалалық өрт сөндіру қызметінің бастығы
:

-Бұл жатқанхананың қожайынын  анықтап жатырмыз. Астында көріп тұрсыздар ғой көлік жуатын орын бар. Ол да зардап шеккен. Өрт келесі үйге де ығысқан.  Сол үйдің астындағы дүкен  жанып кетті. Айыптыларды қатаң жазалаймыз.