Астанада жазда есірткіге қарсы аймақтық конференция өтеді

Қазақстан ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Анатолий Выборов БҰҰ-ның Венадағы есірткіге қарсы күрес жөніндегі комиссияның 57-ші сессия жұмысы шеңберінде Ауғанстан мен көрші елдерге арналған аймақтық бағдарламаларының басқарушы комитетінің үшінші кездесуіне қатысады, деп ҰҚК баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында мәлімделген.

А.Выборов сөз сөйлеу барысында Астанада биыл 26-27 маусымға жоспарланған Батыс және Орталық Азия елдерінде есірткі пайдалануға байланысты проблемаларды шешу жөнінде аймақтық конференция өткізуді қолдады.