Астанада жедел жәрдем көктайғақтан тайып құлағандарды тура көшеден алып кетіп жатыр

Қазір жедел жәрдем көлігіне де дамыл жоқ. Тайып жығылғандарды тура көшеден алып кетіп жатыр. Ал травматология пункттерінде ұзын-сонар кезек. Дәрігерлер науқастардың көбіне гипс кигізіп үйлеріне қайтаруға мәжбүр. Онсыз да шектеулі ауруханадағы кереуеттерге тек ауыр жарақат  алғандар жатқызылуда. Жолдағы сірескен тайғаққа орай Астаналық полицейлер де күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Өйткені, апат көбейген. Бір тәулікте 40-қа жуық көлік соқтығысыпты. Тіпті Ақмола облысы мен Елордада бастауыш сыныптары үшін сабақ тоқтатылды.

Александр Патогин, травматолог:

-Екі дәрігер үзіліссіз жұмыс істеп жатырмыз . Көбісі  қол аяғын сындырған. Науқастардың арасында үлкен кісілер, жастар мен балалар бар. 

Loading...