Елордадағы медициналық көмек станциясының бұрынғы басшысының бұл былығын прокурорлар тексеру кезінде анықтапты. Бас дәрігер мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысымен бірлесіп, тозығы жеткен жедел жәрдем көліктерін жаңартуға бөлінген 8 миллион теңгені қалталарына басты деген күдікке ілінді. Осы кезде науқастар ескі көліктерді сағаттап күтіп, көмекке зәру болып отыр. Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жіберілген.
Loading...