Астанада жемқорлық қылмыс саны 32%-ға артты

«Жемқорлыққа қарсы жүйе толық және тиімді жұмыс істеп жатыр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Қабылданған шарадар күткендей нәтиже әкеліп отырған жоқ. Мемлекеттік органдар бойынша жемқорлық қылмыс саны бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы бойынша 32%-ға айтарлықтай артты», - деп Астана прокуроры Мұхтар Жөргенбаев бүгін жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру мәселесі жөніндегі «дөңгелек үстел» отырысында атап көрсетті.

Биылғы жылдың бірінші жартысында астанада жемқорлық қылмысы үшін 25 адам сотталды, 135 адам тәртіптік жауапқа тартылды.


Қала прокуратурасы жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру бойынша бас прокуратура атына бірқатар ұсыныстар жолдады.