Астанада жеңіл автокөлік пен екі автобустың соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі жараланды

Апат жексенбі күні таңертең Можайск көшесінің бойындағы №2 жол өткелегі арқылы өтетін көпірде болған. "Ауди" автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі "Вольво" маркалы екі автобуспен соғысты. "Автобустарда жолаушылар болмаған", деп хабарлайды мекеме.

Апат салдарынан "Ауди -100" автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылып, оның 25 жастағы жолаушысы жарақаттардан қаза тапты.

Апаттың зардаптарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің құтқару отрядының адамдары тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті