Ал салбыраған бағананы үш күннен бері ағаш қана тіреп тұр. Электр желісін тұн ортасында қиратып кеткен жүргізуші із жасырып үлгеріпті. Шенеуніктерден көмек болмаған соң, бағананы енді көрші-қолаң ақша жинап өздері ауыстырмақшы. Қазір қисайған желіде ток жоқ, бірақ жанында жоғары вольтті бірнеше жүйе жұмыс істеп тұр. Яғни, жерге иілген бағана құлап кетсе көшеден өтіп бара жатқандар тоққа түсуі мүмкін.
Болат Алданазаров, Астана қаласының тұрғыны:
-Қауіпті, мынау токтың өзі 10 мың Вт дейді. Қорқамыз. Ойын баласы көп қой.
Loading...