"2007 жылдың 27-желтоқсанында №2 Алматы сотының алаяқтық жолмен ірі көлемде бөтен мүлікті жымқырған алаяқтар - Байжігітова, Ыдырысова, Күлдейбаева, Жүнісова мен Дунаеваларға қатысты шығарған үкімі күшіне енді",- деп хабарлады елорданың қаржы полициясының бастығы.
Естеріңізге сала кетсек, жедел қызметкерлер азаматтарға комиссияда туыстары бар деген желеумен мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген тұрғын үй алып беруге "көмектескен" қылмыстық топты ұстаған болатын.
"Алаяқтар осындай жолмен өздеріне көмекке жүгінген 75 адамның әрқайсысынан 5 мың АҚШ долларынан 13 мың АҚШ долларына дейін көлемде ақша алып отырғанн. Алынған қаржыны қылмыстық топтың мүшелері өз араларынан бөліп алып, өздеріне жүгінген азаматтардың талаптарын қанағаттандыру жөнінде еш шара қабылдамаған",- деп қорытындылады А. Кәрімов.