Астанада жер қазу жұмыстары кезіндегі оқыс оқиғаның салдарынан Өзбекстан азаматы қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 13 шілдеде Алматы ауданы, Промышленный ауылы, Юбилейная көшесіндегі 14-үйде 14 сағат 34 минутта жай үйдің іргесіндегі аумақта жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылды.

Оқыс оқиғаның салдарынан 34 жастағы Өзбекстан азаматы оқиға орнында көз жұмып, 19 жастағы екінші адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.