Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "кездесу кезінде тиісті құқықтық режим және инвестициялық тұрақтылық қағидасын орындау жағдайында ҚР заңдарын (салық, кедендің, экологиялық т.б.) пайдалану кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланады".
Сондай-ақ, континенталдық және ағылшынсаксон мемлекеттік құқықтың құрылымдарын пайдаланып отырған елдердің халықаралық тәжірибелері талқыланатын болады.
"Дөңгелек үстөлдің " жұмысына үкімет мүшелері, парламент палаталарының депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, "Самұрық холдингі"АҚ, "ҚазМұнайГаз "ҰК АҚ, шетелдің инвесторлар кеңесінің өкілдері, жер қойнауын пайдаланушылар мен салық төлеушілер қауымдастығының мүшелері қатысады деп күтілуде.
Форумның ұйымдастырушылары- ҚР қаржы министрлігі және құқықтық зерттеу және сараптау институты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті