Астанада жетімдерді жарылқау үшін шетелдік дипломаттар жәрмеңке өткізді

Бұл жолы сырттан келген қонақтар жәрмеңкеге кәдесый, киім-кешек пен өздерінің ұлттық тағамдарын әкелген. Ал, түскен табыс түгел әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен қараусыз қалған балаларға көмек ертінде беріледі. Биыл қайырымдылық жасауға ниет білдіргендердің саны еселеп артыпты. Елуден астам елшіліктің өкілі және жиырмаға жуық халықаралық мекеменің қызметкерлері қатысқан. Сондай-ақ, жәрмеңкеге Астанадағы мектеп оқушыларының қолөнері де қойsлды. Балалар өздерінің алғашқы табыстарын қайырымдылыққа жұмсады. Келушілер де белсенді. Грузиннің шарабы, Швейцарияның атақты ірімшігі, қазақтың бауырсағын алу үшін жұрт ұзын-сонар кезекте тұр.

Зураб Патарадзе, Грузияның Қазақстандағы елшісі:

- Жәрмеңке жыл сайын ұйымдастырылады. Уақыт өткен сайын оның ауқымы кеңейіп келеді. Бұл - халықаралық қауымдастықпен бірлескен қазақстандық жоба. Әрбір адам дәл осылай мұқтаж жандарға жанашырлық танытуға міндетті.   

Loading...