Астанада жезөкшелерге пәтерін жалға берген әйел жазаланды

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

Сарыарқа аудандық Жергілікті полиция қызметінің өкілдері биыл әкімшілік учаске жүргізген тексеріс барысында Біржан Сал көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінің интим қызметтер көрсету үшін 3 қызға жалға берілгенін анықтады. 

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Астананың 39 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  450-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну") әкімшілік жауапкершілікке тартылды - 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (240 500 теңге) айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның бұл қызметі 3 айға тоқтатылды.

Оқи отырыңыз:

Жезөкешелерді аязды күні күзетшілер далаға жалаңаш қуып шықты

Астана вокзалында жезөкшелер ордасын құрған "жеңгетай" мен сыбайластары сотталды
Түркияда жезөкшелікпен айналысқан қазақстандық қыз ұсталды