"Салық заңнамасының орындалуына жүргізілген тексерулер нәтижесі осы саладағы күрделі заң бұзушылықтарды айқындап берді. Бізді әсіресе Астанада жиналмаған салық аударымдары 7 млрд теңгеден асуы алаңдатады", - деді М. Ахметов.
Оның нақыталуынша, прокуратураның тексеруі барысында салық аударымдары бойынша 2,3 млрд теңге 2007 жылдың қорытындысы бойынша жиналмай қалғаны анықталды.
"Астана бюджетіне 2007 жылғы салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінің болжамы 97%-ға орындалды, яғни, 77,2 млрд теңге түсім болжанып, 74,9 млрд теңге түсті", -деді прокурор орынбасары.