Астанада жоғалып кеткен Грузия азаматы өлі күйінде табылды

25 жастағы Арчил Давитадзе 18 мамыр күні күндіз жоғалып кеткеннен кейін, табылмаған. Күннің екінші жартысында ол жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Әзірге оның өлімінің себебі белгісіз. Ол Астана тұрғынына үйленіп, Қазақстанда тұрған.


Оның келіншегі Марина Пашковская Астанадағы танымал психологтардың бірі. Екеуінің кішкентай қыздары бар.