"Қаладағы ұн өнеркәсібі саласындағы монополист болып табылатын "Цесна Астық" компаниясымен келісімге келдік, соған сәйкес, 1 маусымнан бастап жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнның бағасы 10%-ға арзандады", -деді Т. Жақсылықов.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың мамыр айында 2007 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда тұтыным бағаларының индексі 105,8% құрады. "Ең көп қымбаттағаны ет және ет өнімдері - 3,9%, нан өнімдері - 2,8%, сондай-ақ, жеміс-көкөніс өнімдерінің кейбір санаттары - 1,9%", - деді орынбасар.
Осы орайда ол "азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін барлық қажетті шаралар қолданылып жатыр",- деді. "Үшінші тоқсанда жылдық қуаты 2,8 мың тонна өнім шығаратын ет өңдеу комбинатын іске қосуды және жеміс-көкөніс өнімдерін ұлғайтуды көздеп отырмыз", -деді Т. Жақсылықов.