Астанада жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

ТЖМ мәліметінше, 20 сәуірде 23 сағат 55 минутта "Ауди" және "Тойота" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан "Ауди" көлігінде отырған жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Екі жүргізуші мен екі жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды. Бұл екеуінің аты-жөні әзірге анықталған жоқ.