Астанада жол апатынан төрт адам, соның ішінде екі бала зардап шекті

ТЖМ мәліметінше, 17 маусымда 20 сағат 19 минутта Астанада әуежайға баратын жолда "МАН" автобусы мен "Волга" көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Волга" көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы, соның ішінде 1 және 6 жасар екі бала ауруханаға жатқызылды.