Астанада жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге айыппұл салынды


Елорданың қақ ортасындағы көшелердің бірінде екі көліктің жүргізушісі  жолға таласып, бірін-бірі жұдырықтай жөнелген еді. Оларға  көліктеріндегі жолаушылар  да қосылған. Көлік қозғалысы тоқтап қалғандықтан оларды айыруға басқа жүргізушілер жүгірді.  Бірақ біраз  тартыстан соң екі жігіт полицияны шақырмай, жан-жаққа кетіп қалды. Сөйтсе жолды бөлісе алмай  жаға жыртысып жүргендер Астанаға уақытша жұмыс істеуге келгендер екен.