Астанада жолақысы 100 теңгеге қымбаттамақ


Қазір Астанада жолақысы 60 теңге. Бірақ бұл баға көп ұзамай өзгеруі ғажап емес. Егер жолаушы тасымалдаушы компанияларға әкімдік пен жергілкті мәслихат рұқсат берсе, автобустарда жол жүру билеті бірден 40 теңгеге көтерілмек. Тарифті көтеру туралы 8 автопарктің ұсынысын шенеуніктер де қолдап отыр. Айтуларынша, халық саны көбейген жаңа аудандарға маршрут жіберу қып-қызыл шығын. Одан қалды, қосалқы бөлшектер мен бензин құны қымбаттап барады. Тағы бір сылтау жүргізушілердің жетіспеуі. Осы олқылықтарды жолақысы қымбаттаған жағдайда ғана шешеуге болады екен. Тарифтің қай айдан бастап көтерілетіні әзірше белгісіз.