Астанада жолаушылар автобусымен соқтығысуға жол берген жүргізуші ұсталды


Бұл туралы  Астана ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова мәлімдеді.
«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабы бойынша, жүргізуші ұсталып Астана ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды», - дейді ол.
Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жол апаты бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізілуде.
Бұрын хабарланғандай, Астанада жол апаты сенбі күні кешкісін Қабанбай батыр мен Керей-Жәнібек хандар атындағы көше қиылысында болды. Соқтығысу салдарынан жиырмадан астам адам зардап шекті, ІІД соңғы мәліметіне сәйкес, бес жолаушы орташа ауырлықтағы жарақатпен ауруханада жатыр.