Астанада жолаушылар шағын автобусы өртенді


шағын автобустың өртке оранғаны жайлы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды елордалық ТЖД-інің баспасөз қызметінен. 

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде №109 автобус өртеніп жатты. Жолаушылар өрт сөндірушілер келгенше автобустан шығып үлгерген», делінген хабарламада.
Алғашқы өрт бөлімшесі оқиға орнына 4 минуттан кейін келді. Қазір олар сол жерде жұмыстар жүргізуде.
Жалынды ауыздықтауға 2 техника, жеке құрамнан 9 адам жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.