Астанада Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы ұйымдастырды.

Көрмеге Алтын Орда кезеңіне жататын кесенелердің безендендірілген кірпіштері, сол кезеңдегі тұлғалардың балауыз мүсіндері, Жошы хан кесенесінің құббасы, Сарайшық қаласынан табылған құмыралар мен ыдыс-аяқтар, ортағасырлық бірегей монеталар, сондай-ақ, тарихи қолжазбалардың көшірмелері, карталар мен картиналар, Жошы ұлысының тарихына қатысты кітаптар және т.б. құнды жәдігерлер қойылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының аумағында Алтын Орда дәуіріне жататын 10-нан аса тарихи ескерткіш сақталған.