60-тонналық цистернадан қышқыл ағып жатқаны жүк поезын Астана темір жол бекетінде тексерген кезде анықталған. Күкірт қышқылы минутына 17 тамшыдан дәнекерленген жапсарды бойлай ағып жатқан.
Қазір цистерна арнаулы бөлімге жеткізіліп, күзетке алынды. "Адамдардың өміріне және қоршаған ортаға қауіп төніп тұрған жоқ", - деп сендіреді министрліктегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті