Астанада жұмыс уақытын ауыстыру ұсынылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласында жұмыс істейтіндердің 50%-дан астамы мемлекеттік мекемелерде еңбек етеді. Осыған байланысты орталық атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты көлік ағынын қайта қарау керек, - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Қоғамдық көлік пен жолдағы жүктеме – басты мәселе

Депутаттың айтуынша, таңғы 8:00 бен 9:00 аралығында елорда көшелерінде көлік тығыздығы күрт артады. Бұл уақытта мемлекеттік қызметкерлер, жеке сектор өкілдері, оқушылар мен студенттер барлығы бір мезетте жолға шығады. Нәтижесінде жолда кептеліс, қоғамдық көлікте лық толы жағдай туындайды.

Егер жұмыс уақыты сағат 7:00-де басталса, бұл қаладағы қозғалысты біршама ретке келтіріп, азаматтардың жолға кететін уақытын қысқартуға сеп болар еді, - дейді депутат.