Астанада жұмысшының үстіне темір бетон құлап кетті

Жексенбі күні болған төтенше оқиғалардың бірі таңертең, Сарайшық көшесінде бой көтеріп жатқан «Лазурный» квартал» ТК-де орын алды. Анықталғандай, құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 2 метрлік биіктіктен «Бәйтерек» ЖШС-ның 28 жастағы жұмысшысының үстіне темір бетоннан жасалған арқалық құлап кеткен. Қазір ол жарақаттармен ауруханада жатыр.

Құрылыс басындағы екінші оқиға сағат 21.43-те Қонаев көшесіндегі «Изумрудный квартал» ТК-де болды. «Жұмыстар барысында «Базис-А» компаниясының 31 жастағы бетоншысы үйдің екінші қабатынан құлап, ауруханаға жеткізілді», - делінген ТЖМ-ның таратқан хабарламасында.