Бірін-бірі аяусыз ұрған жүргізушілердің видеосы Instagram желісінде жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz. Ондағы жазбаларға қарағанда төбелес 1-ақпан күні Астана қаласының Мәңгілік ел көшесінде орын алған. 70-ші бағытта қатынайтын автобус пен жол талғамайтын көлік жүргізушісі жолды бөлісе алмай жаға жыртысқан. Осының салдарынан аталған көшеде үлкен көлік кептелісі орын алды.
Көпшілік пікір қалдырғандар, оқиғаны өте ұят жағдай деп бағалап отыр. Кейбіреулері жолда жүру мәдениетінен ада жүргізушілерді қайта оқыту керек десе, бірқатары қоғамдық көліктің мұндай жүргізушілері елордада жүрмеуі тиіс деген пікір қалдырған.