Астанада жүзім жеп ауруханаға түскен бүлдіршін хәл үстінде жатыр

Міне, мына суретке кішкентай Наз тура 1 ай бұрын ғана түсіпті. Қызылордадан Астанаға қонаққа келген бүлдіршін 3-4 түйір жүзім жеп, аурухана төсегінен бірақ шыққан. Ата-анасы астаналық дәрігерлер еш рұқсат сұрамастан баланың ішін жарып, ота жасап тастады дейді.

Қымбат Садуова, Наздың анасы:

-  Мен қызымды көрген жоқпын, жасаған соң. Реанимацияға қанша бардым. Кіргізбеді мені .Олар айтады ,инвагизация емес, ішегімен ішегі жабыспаған. Болезнь крона деген қайтара екінші диагноз қойды, наследственный.

№2-ші балалар ауруханасынан ешқандай көмек болмаған соң, кішкентай Назды тез арада ғылыми орталыққа жеткізіпті. Мұндағы дәрігерлер де бүлдіршіннің жағдайы күн санап төмендеп бара жатқандығын айтады. Аяқ қолы істемейді, тамақ ішпейді, тіпті екі бүйрегі де жұмысын тоқтатқан.

Венера Алтынова, «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми Орталығының бөлім меңгерушісі:

– Жағдайы өте ауыр. Бүйрегімен қоса, жүйке жүйесіне де зақым келген. Кіші дәреті де жоқ. Соған қарап қорытынды шығарар едік. Қазір науқастың аман қалуы туралы ештеңе айта алмаймыз.

Бүлдіршіннің туыстары Назды осындай күйге түсірген дәрігерді жазықсыз қалдырмаймыз дейді. Олар арыз шағымдарын айтып, тиісті орындарға да хабар беріпті.


Беккүл Күнжарықова, Наздың туысы:

– Марат Жақсылықов деген дәрігер анасының рұқсатынсыз ота жасады. Неге жасағынан білмекші болып барып едім, әлгі дәрігер ішімдікке сылқия тойып алыпты. Маған: «Мен жасағым келді, сондықтан жасадым» деп жауап берді. Осы операциядан кейін баланың жағдайы тіпті нашарлап кетті.

Алайда, бүлдіршінге ота жасаған аурухана басшылары бұл айыптың бәрі негізсіз дейді. Айтуларынша, 15 жылдың тәжірибесі бар хирургтің мұндай қате жіберуі мүмкін емес.

Әлімжан Қалымқұлов, №2 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-   Сол дәрігер ота жасалған күні демалыста болған, тәжірибесі көп болған соң бас дәрігермен ақылдасып осында шақырдық. Ал операция тек туыстарының келісімімен ғана жасалады. Дәрігердің ішімдік ішті дегені де бос сөз!

Дәрігерлер балалар арасында кездесетін мұндай ішек ауруларын осыдан 10 жыл бұрын емдей алмайтын едік дейді. Ал, қазіргі медицинаның дамыған заманында жәй ғана жұқпалы ішек қоздырғышымен түскен балаға ақ халаттылардың көмек бере алмағанына налиды сәбидің туыстары. Қалай дегенмен, бұл істің нүктесін енді прокуратура қоятын болады.