Астанада жыл басынан бері 47 адам менингококк инфекциясын жұқтырған

Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары – еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«Жыл басынан бері Астанада 47 менингококк инфекциясын жұқтыру фактісі тіркелді. Әдетте, сырқат тамыз-қыркүйек айларында белең алады. Бірақ биыл жаздың басы қатты ыстық болғандықтан бір ай бұрын басталды», - деді Ж.Бекшин бейсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазір «эпидемиологтар мен инфекционист-дәрігерлер бұл проблемамен айналысып жатыр».


Өз кезегінде, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова «жағдай жіті бақылауда» деп сендірді.