Астанада жылдамдықты асырған 150 жүргізуші ұсталды

Елорданың ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жылдамдықты асырған 150 жүргізуші, мас күйінде көлік басқарған 23 адам қолға түсті. 107 жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағында ереже бұзғаны үшін ұсталды. Тыйым салынған жерлерден кесіп өткендігі үшін 70-тен астам жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.