2 299,00 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) мөлшерінде жылу энергиясымен қамту тарифі іске қосылады, деп хабарлайды astana.kz
«Астанаэнергосбыт» АҚ ресми сайтының хабарлауынша, тұрғындар үшін жылу энергиясымен қамтудың орташа тарифі - 2 082,58 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) құрайды.
Сонымен, тұрғындар үшін жылу энергиясымен қамтудың дифференцияланған тарифтері былайша жіктелді:
- Жылу энергиясын есептеу құралдары бар болса - 2 071,97 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда);
- Жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ болған жағдайда - 2 499,10 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда);
- Жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты жағдайдағы тұрғын үйлерде, барак типтес үйлерде тұратындар үшін - 2 082,58 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда).
Ал басқа тұтынушылар үшін жылу энергиясымен қамтудың орташа тарифі - 2 582,40 Теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) құрайды.
Басқа да тұтынушылар үшін жылу энергиясымен қамтудың дифференцияланған тарифтері жылу энергиясын есептеу құралдары бар болса - 2 531,19 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда); жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ болған жағдайда - 3 873,59 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда); жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты жағдайдағы тұрғын үйлерде, барақ типтес үйлерде тұратындар үшін - 2 582,40 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) құрады.