Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада 27 желтоқсанда 19 сағат 10 минутта № 18 жылу желісінде диаметрі 500 мм жылу құбыры жарылды. "Соның салдарынан "Мирас"ТК, "Мирас" мектебі, Республикалық клиникалық аурухана, Республикалық гвардия, "Гүлжан" сауда үй мен үш тұрғын үй жылусыз қалды", - деп хабарлайды ТЖМ.
01 сағат 14 минутта апаттан қалпына келтіру жұмыстарын "Теплотранзит" ЖШС 13 адам мен 4 техникасының көмегімен аяқтады.