Мекеменің ақпаратына сәйкес, 20-ақпанда 18 сағат 40 минутта Алматы ауданындағы 2-ші Жылу электр орталығында жылытатын бетінде тесік түзілу салдарынан №4 қазандықтың жұмысы тоқтатылды. Сонымен бірге 21 сағат 00 минутта экономайзер тесілуге байланысты №3 қазандықтың жұмысы тоқтатылды.
21 сағат 30 минуттағы жағдаймен 2 қазандық пен 4 турбина жұмыс істеп тұрды, берілетін судың температурасы Цельсий өлшемімен 72 градус, шыға берістегі температура 52 градус болды.
Электр қуаты сатып алынуда. Жылу желілеріндегі температура 6 градусқа төмендеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті