Бұл туралы "Sputnik-Қазақстан" хабарлады.
"Арктикалық антициклон ығысып, қатты аяз болатынын барлық адам естіген шығар. Осы күндері барлық тұрғындарды бір-біріне көмектесуге шақырамын. Жақсы істер жасауға асығайық! Мұны жасау қиын емес!", — деп жазған Тұрлыбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, көлік жүргізушілеріне аялдамада тұрған адамды жеткізіп тастаған жөн. Сондай-ақ аудан әкімі көлігі оталмаған адамдарға да көмектесуге шақырды.
"Көлік жүргізушілері, жаяу жүргіншілерге жол берейік. Қалада ұсақ, бағдаршамы жоқ көшелер көп, ол жерде адамдар көліктер өтіп кеткенше күтіп тұрады. Аязды күндері жаяу жүргіншілерді жиірек өткізіп жіберуге тырысайық. Сіздер жылы жерде отырасыздар, ал олар аязда тоңып қалады", — дейді әкім.