Астанадағы алып сағат Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Астанада Есіл өзенінің жағалауында алып сағат орнатылды, деп хабарлады Қазақпарат. Жаңа жыл қарсаңында қала көркін аша түскен сағат циферблатының диаметрі - 17 метр.

Жарық диодтар түнде әдемі композицияны құрайды. Сағат айналасындағы аумақ халық демалысы үшін тамаша орын. Мұнда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сырғанақтар мен ауданы 8 мың шаршы метрлік үлкен мұз айдыны жасалған. Сағат нақты механизммен жабдықталған және Жаңа жыл түні Есіл өзенінің жағалауындағы отшашу сағат тілі тура 24.00-ді көрсеткенде басталатын болады. Айта кетейік, Есіл өзенінде орнатылған жаңажылдық сағат әлемдегі ең үлкені болуы мүмкін. Манхэттеннің жанында (Нью-Джерси штаты, АҚШ) Гудзон өзенінде орнатылған баршаға танымал Colgate сағатының диаметрі 15,24 метрді құрайды.