Сапар бағдарламасына сәйкес, Қытай басшысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізеді. Бұдан кейін екі ел өкілдерінің кеңейтілген құрамдағы келіссөздері басталады.
Сол күні ҚХР төрағасы Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов, парламент палаталарының төрағалары Орал Мұхамеджанов және Нұртай Әбіқаевпен кездеседі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кездесулер барысында екі жақты қарым-қатынастарды дамыту, соның ішінде энергетика, көлік және сауда-экономикалық саладардағы байланысты дамыту мәселелері қаралады. Сонымен бірге халықаралық және аймақтық айрықша көкейкесті проблемалар, соның ішінде Орталық Азиядағы ахуал мен лаңкестік, сепаратизм және экстремизм проблемалары талқыланды. Келіссөздер барысында сонымен бірге БҰҰ, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі ұйым мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымдары арасындағы байланысты дамыту тақырыбына көңіл бөлінеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша сегіз келісімге қол қойылмақшы. Сонымен бірге Қазақстан президенті мен ҚХР төрағасы стратегиялық әріптестік жөніндегі декларацияға қол қояды.