Астанадағы әскери шеруге атақты «Катюша» қатыстырылады (ФОТО)

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған әскери парад  тарихи және заманауи екі бөлімнен тұрады.

Парадқа қатыстыру үшін соғыс уақытында пайдаланылған 40-қа жуық қару-жарақ, әскери және авиациялық техника жөндеуден өтеді»,- делінген хабарламада.

Шараның тарихи бөлімінде ҰОС жылдары қолданылған техниканың 36 түрі тартылады. Олардың ішінде, 27 әскери техника мен қару-жарақ (Т-34 танкі, ЗИС-2 зеңбірегі және М-30 гаубицалы ЗиЛ-157, танымал БМ-13 РС-30 «Катюшасы» және «Максим» зеңбірегі), сондай-ақ, 9 ұшу құралы (АН-2 және ТL-2000) бар.

Техникаларды тиісті қалыпқа келтіру үшін олар «Семей инжиниринг» зауытында жөндеуден өтіп жатыр.

Сонымен қатар бұл парадқа қатысатын 300-ден астам қазақстандық әскери қызметші Қызыл армия формасын киеді.